Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
450097, г. Уфа, ул. Заводская, д.15
(347) 253-50-00 приемная,
(347) 246-03-30 регистратура,
(347) 253-96-10 детская регистратура,
(347) 253-51-00 ортопедическое отделение,
(347) 246-30-36 ЛПО платных услуг,
8 917 741 30 03 "горячая линия" АУЗ РСП
ufa.rsp@doctorrb.ru
   

Версия для слабовидящих

Kz


Республикалық стоматологиялық емханасы автономды денсаулық сақтау мекемесі Ресейдің Башқұртстан Республикасындағы


Республикалық стоматологиялық емханасы автономды денсаулық сақтау мекемесі Ресейдің Башқұртстан Республикасындағы балалар мен ересектерге жоғары дәрежелі амбулаторлық-емханалық стоматологиялық көмек көрсететін басты мамандандырылған мекеме болып табылады.

Емханада 62 стоматолог-дәрігер қызмет көрсететін 7 бөлімше бар. Онда емдеудің жоғарытехнологиялы әдіс-тәсілдері қолданылады және заманауи инновациялы материалды-техникалық база жасақталған.

Диагностикалау үшін цифрлы ортопантомография, радиовизиограф пен рентген аппараты қолданылады. Ол арқылы жақ-сүйек бөлігінің сүйек тінін зерттеуге, сондай-ақ, тістердің, гаймор қуыстарының және шықшыт буындарының жағдайын анықтауға мүмкіндік туады.

Тістердің қатты тінін қалпына келтіру үшін нанотехнологиялар негізінде жасалынған соңғы үлгідегі қатайтқыш пломбалау материалдары қолданылады. Тістерді ағарту және микроскопты қолдана отырып емдеу қызметі қамтылған.

Ауыз қуысының сілекейлі бөлігінде жедел емдеу және тіс жиегінің асқынған түрлерінде тіс түбіріндегі каналдарды емдеу шаралары кезінде диодты лазер пайдаланылады. Қызыл иекті консервативті ауыртпай емдеу (нехирургиялық) шарасы кезінде Вектор (Германия) ультрадыбыстық технологиясы және түбір астын жылтырату кезінде Перио-фло (Швейцария) технологиясы қолданылады. Сондай-ақ, мамандар парадонт тінін емдеу кезінде плазмолифтинг тәсіліне жүгінеді.

Заманауи стоматолгияның тағы бір жетістігі – ол тіс имплантациясы. Протездеудің бұл түрі арқылы түскен тістерді қалыпқа келтіруге немесе ауыз қуысында барлық тістерді орнатуға мүмкіндік пайда болды. Дәрігер-стоматологтар протездердің эстетикалық, жоғарытехнологиялы түрлері және имплантқа қойылған протездердің барлық түрлері меңгерілген.                                                                  

2018 жылдың қаңтарында емханада балалар бөлімі ашылды.

Балалар бөлімінің жұмыс бағыттары:

- сүт тістер мен қарапайым тістерді емдеу;

- сүт тістер мен қарапайым тістерді жұлу;

-ортодонтиялық емдеу;

- балалар тіс жегісін емдеу.

Ортодонтиялық кабинетте келушілерге барлық ортодонтиялық қызмет түрлері көрсетіледі. Емдеу барысында алынбалы және алынбайтын аппарат түрлері және трейнерлер (балалар мен ересектерге арналған) қолданылады.

Республикалық стоматологиялық емханасының дәрігер-ортодонттары емдеудің заманауи әдістерін меңгерген: Straight–wire (Стрейт вар), эджуайс техника - брекет-жүйе, тура доға жүйесі, лингвалды техника, Damon (Деймон) пассивті өзіндік реттеу жүйесі, Н4 (Эйч Фо) жүйесі – қазіргі уақытта ең оңтайлы әрі кең қолданыстағы заманауи өзіндік реттеу жүйесі.

Жақ-сүйек бөлігіндегі онкологиялық ауруларды ерте бастан анықтау және профилактикалау жолында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.                                                                                                                                                                                

2017 жылдың желтоқсан айында Башқұртстан Республикасының Үкіметі мен Денсаулық Сақтау Министрлігінің қолдауымен Республикада автобус негізіндегі «Стоматологиялық көмек» алғашқы жылжымалы медициналық кешені сатып алынды.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жаңа моделін құру» федералдық жобасы аясында емхана жұмысына келушілерге ыңғайлы қызмет көрсететін технологиялар енгізілген. Олар келушінің күту уақытын азайтып, кезекті азайтады және адамдарға емхана ішінде ыңғайлы жағдай туғызады.

2017 жылы «Ашық тіркеу» жобасы аясында тіркеу орны кембағал жандарға қажет талаптар бойынша жасалды. Ішкі логистика ойластырылып, келушілердің маршруты қадағаланды.

Біздің емханада бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді.

-      Біз мүгедектер үшін қолжетімді бола түстік, балалар мен ересектер бөліміндегі тіркеу орындары барынша ашық бола түсті.

Республикалық стоматологиялық емханасы – балалар мен ересектерге арналған барлық емдеу түрлері көрсетілетін заманауи, инновациялы және жоғарытехнологиялы стоматология!

Мекенжайымыз:

450097

Башқұртстан Республикасы

Уфа қаласы

Заводская к-сі, 15-үй

Анықтама телефоны: 246-03-30

Балалар бөліміндені анықтама телефоны: 253-96-10

E-mail: ufa.rsp@doctorrb.ru


ЖАЛПЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ:

Шетел азаматтарының РСЕ ДСАМ-де медициналық көмек алу үшін әрекеттерінің алгоритмі


БАЙЛАНЫС:

Мекенжайы: 450097, Башқұртстан Республикасы, Уфа қ., Заводская к-сі, 15-үй.

Тіркеу телефоны: 246-03-30, балалар бөлімшесінің тіркеу телефоны: 253-96-10.

E-mail: ufa.rsp@doctorrb.ru

№ п/п

Қызметі

Аты-жөні

№ тел., факс

e-mail

1

Бас дәрігер

Дюмеев Рустам Мухаметьянович

253-50-00

ufa.rsp@doctorrb.ru

2

Медицина бойынша бас дәрігердің орынбасары

Тухватуллина Дамира Назиповна

253-50-00

ufa.rsp@doctorrb.ru

3

Бас бухгалтер

Шагалиева Гульнара Фаритовна

253-96-03


4

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісі

Косенкова Елена Павловна

252-98-24



5

Кадрлар бөлімінің бастығы

Хасанова Эльмира Айдаровна

252-98-24



6

Экономикалық сұрақтар бойынша бас дәрігердің орынбасары

Галлямов Рафиль Рамилевич

253-44-44

econom.rsp@yandex.ru


7

Бас медбике

Васильева Виталия Евгеньевна

253-51-13



8

Емдеу-профилактикалық бөлімше меңгерушісі

Саляхова Гульсина Ангамовна

253-51-13



9

Хирургиялық бөлімше меңгерушісі

Трофимчук Айгуль Аслямовна

253-51-13



10

Балалар бөлімшесінің меңгерушісі

Асадуллина Рина Раильевна

253-51-13



11

№1 ортопедиялық бөлімше меңгерушісі

Гайнанов Алик Раисович

253-51-00



12

№2 ортопедиялық бөлімше меңгерушісі

Таран Дмитрий Евгеньевич

253-51-00



13

Ақылы емдеу-профилактикалық қызмет бөлімше меңгерушісі

Хуснутдинова Лилия Рашитовна

253-51-13

auz.rsp@mail.ru


 14

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Салимьянов Айдар Ирекович

253-44-44 



15

Өндіріс меңгерушісі

Яценко Дмитрий Валерьевич

253-51-00




Тіркеу телефоны: 246-03-30; 
Балалар бөлімінің тіркеу телефоны: 253-96-101

Схема:

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ:

Емхана дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі күні сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін кезекші дәрігерлер халыққа қызмет көрсетеді.

Жексенбі – демалыс күні.